Сенатта судьяларды тәртіптік жазаға тарту мерзімін ұзарту ұсынылды

9 Желтоқсан 2021, 09:21
916
Бөлісу:
Сенатта судьяларды тәртіптік жазаға тарту мерзімін ұзарту ұсынылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Сенат отырысында «Конституциялық заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» заң жобасын депутат Қанатбек Сафинов таныстырды.

Екінші блок бойынша судьялардың жауапкершілігін арттыру мақсатында судьяны тәртіптік жазаға тарту мерзімдері теріс қылық анықталған кезден бастап үш айдан бір жылға дейін және ол жасалған кезден бастап бір жылдан екі жылға дейін ұлғаяды. Халықаралық тәжірибеге сүйене отырып, сот жүйесінің бюджетін қалыптастырудың қағидатты жаңа моделі ұсынылады, оның мөлшері жыл сайын барлық мемлекеттік орган шығыстарының кемінде 6,5% пайызын құрайды, - деді Қанатбек Сафинов.

Депутаттың айтуынша, шығыстарды бөлу мәселелерін шешу бойынша Жоғарғы Соттың кеңейтілген жалпы отырысы – судьялық өзін-өзі басқару органының рөлін күшейту көзделеді.

Бұл ретте ақшалай түсімдердің нысаналы пайдаланылуын бақылау Есеп комитетінің есебінен сақталады. Осы заң жобасына енгізілетін түзетулер судьялардың кәсіби білімі мен іскерлігінің деңгейін арттыруға және судьялар корпусының сапалық құрамын жақсартуға, сот жүйесінің қаржылық тәуелсіздігін және ақша қаражатын бөлу мәселелерін шешуде судьялардың өзін-өзі басқару органдарының дербестігін нығайтуға мүмкіндік береді, - деді Сафинов.

Сафинов Парламент депутаттары бастамашылық жасаған «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Конституциялық заңның жобасын қолдауды сұрады.

Өзгелердің жаңалығы