Сенатта аудиторлық қызметті жетілдіру мәселелері талқыланды

26 Желтоқсан 2023, 20:53
462
Бөлісу:
Сенатта аудиторлық қызметті жетілдіру мәселелері талқыланды
Фото: Сенаттың баспасөз қызметі

Сенаттың Қаржы және бюджет комитетінің депутаттары «Аудиторлық қызмет: даму перспективалары» тақырыбына арналған дөңгелек үстел отырысын өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Комитет төрағасы Сұлтанбек Мәкежанов өз сөзінде бүгінгі таңда аудиторлық қызмет нарығы қаржы жүйесінің ашықтығын, сенімділігі мен тұрақтылығын қамтамасыз етуде шешуші рөл атқаратынын атап өтті. Сондай-ақ қаржы секторы мен бүкіл экономиканың маңызды сегменті болып табылады. Мұның бәрі еліміздің және жалпы республиканың компанияларының инвестициялық тартымдылығына тікелей әсер етеді.

Бүгінде Қазақстанда аудиторлық қызмет нарығы қарқынды дамып келеді. Бұған Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде аудиторлық қызметті жүзеге асыру туралы келісім дәлел болып табылады. Бүгін біз ЕАЭО аясында аудиторлық қызметті одан әрі дамыту келешегі туралы айтып отырмыз. Атап айтқанда, халықаралық шарт бойынша ұлттық заңнамаға қалай және қандай нормалары енгізілетіні, осы жұмысты табысты жүргізуде қандай мәселелер немесе проблемалар туындайтыны сараланды, - деді сенатор Мәкежанов.

Шара барысында қаржы министрінің орынбасары Дәурен Кенбейіл аудиторлық қызметті келешекте дамыту туралы хабардар етті. Ол негізгі болжамды жаңалықтың бірі – халықаралық аудит стандарты бойынша көрсетілетін қызметтерді саралау бойынша анықтамаларды енгізу екенін атап өтті. Мысалы, ілеспе қызметтердің нәтижесі бойынша есеп жасалады, ал аудит және сенімділікті қамтамасыз ететін қызмет бойынша аудиторлық қорытынды және жай қорытынды жасалады.

Дөңгелек үстелге қатысушылар отандық аудит нарығын дамыту және оған қажетті басқа да мәселелерді, міндетті ротация жөнінде аудиторлық ұйымдарға қойылатын ең төменгі талаптардың өзгерісін және басқа да тақырыптарды талқылады.

Өзгелердің жаңалығы