Сенаторлар Жамбыл облысындағы шаруа қожалықтарының жұмысымен танысты

<h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Парламент Сенатының депутаттары Мұратбай Жолдасбаев пен Абдалы Нұралиев жұмыс сапары барысында Шу ауданында болды.</h4>

 12 Тамыз 2019 2019, 11:25
12 Тамыз 2019 2019, 11:25
2194

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Парламент Сенатының депутаттары Мұратбай Жолдасбаев пен Абдалы Нұралиев жұмыс сапары барысында Шу ауданында болды.

«Депутаттар Алға ауылдық округіндегі «М-КАТ GREEN» ЖШС фотоэлектр станциясы мен «Шу-100 МВт инвестициялық жобасының» құрылыс жұмыстарымен танысты. Сондай-ақ, сенаторлар жергілікті аудандық және облыстық мәслихат депутаттарымен аудан әкімі аппаратының ғимаратында кездесу өткізді. Жиында аудан әкімі өңірдің әлеуметтік-экономикалық жай-күйі мен атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде қысқаша баяндап өтті», - деп хабарлайды Сенаттың баспасөз қызметі.

Одан өзге, жұмыс сапары аясында депутаттар Мойынқұм және Рысқұлов аудандарындағы шаруа қожалықтары мен шағын және орта бизнес кәсіпорындарын аралап шықты.

53849.jpg
Наверх