Сенаторлар мемлекеттік қаржыландыру туралы семинарға қатысты

19 Желтоқсан 2023, 21:12
617
Бөлісу:
Сенаторлар мемлекеттік қаржыландыру туралы семинарға қатысты
Фото: Сенаттың баспасөз қызметі

Сенаторлар Орнықты даму мақсаттарына қол жеткізудегі мемлекеттік қаржыландыру туралы семинарға қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сенат депутаттары «Қазақстан Республикасының Орнықты даму мақсаттарына қол жеткізудегі мемлекеттік қаржыландырудың рөлі» тақырыбындағы семинар жұмысына қатысты.

Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің хатшысы Ақмарал Әлназарова қатысушыларға арнап сөз сөйледі. Ол Қазақстан Республикасының Орнықты даму саласындағы ұлттық мақсаттар мен міндеттерді іске асыру мониторингі жөніндегі парламенттік комиссияның жұмысы аясында үш жұмыс кеңесі мен әлеуметтік және экологиялық мәселелер бойынша екі отырыс өткенін, онда тиісті ұсынымдар дайындалғанын хабарлады.

Бүгінгі семинар бізге, заң шығарушыларға, орнықты дамудың ұлттық мақсаттарына қол жеткізу үшін бюджет жүйесін мемлекеттік шығыстардың тиімділігі мен нәтижелі болуына қарай қайта бағдарлауға оң қадам жасауға мүмкіндік береді. Мемлекеттік қаржыны жұмсау тиімділігінің мониторингі жүйесіне ОДМ-ды дәлме-дәл кіріктіру маңызды кезең болуы тиіс. Менің ойымша, әзірленіп жатқан жаңа Бюджет кодексі аясында осы мәселелер бойынша ауқымды бірлескен жұмыс күтіп тұр, - деді сенатор.

Семинарды өткізудің мақсаты Парламент депутаттары мен сарапшылар қауымдастығын әртүрлі факторлар мен өлшемшарттарды ескере отырып, бюджетті жоспарлау мен жасақтау кезінде орнықты даму мақсаттарымен мемлекеттік қаржыландыруды кіріктіру мен үйлестірудің неғұрлым тиімді тәсілдерімен таныстыру екенін атап өткен жөн.

Өзгелердің жаңалығы