Сенаторлар «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасының орындалу барысымен танысты

13 Тамыз 2019, 15:39
1990
Бөлісу:
Сенаторлар «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасының орындалу барысымен танысты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сенаторлар Ольга Перепечина мен Ерік Сұлтанов «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасының орындалу барысымен танысты.

Елімізде «Ауыл – ел бесігі» ауылдық елді-мекендегі инфрақұрылымды дамытуға бағытталған көлемді мемлекеттік бағдарлама жүзеге асуда. Бағдарламаның қазіргі жағдайымен ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Ольга Перепечина мен Ерік Сұлтанов танысып қайтты. Сенаторлар өңірді Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының хатшысы Владимир Бубенко мен Айыртау ауданының әкімі Бейбіт Исмановпен бірге аралап, жергілікті мәселелерді талқылады.

Сенат баспасөз қызметінің мәліметінше, жоғарғы палата депутаттары Антонов ауылдық округінің тұрғындарымен де кездесті. Мемлекеттік бағдарламалар барысы, еліміздің саяси және экономикалық дамуы сөз болып, тараптар ашық пікір алмасты.

«Біздегі басты проблемамыздың бірі – ауылды сумен қамту. Қазір жергілікті бұлақтағы суды пайдаланамыз. Таратушы жүйелер әбден ескіргендіктен жиі істен шығып қалады. Екі ай бойы сусыз отырған күндеріміз болды. Бұл егінімізге кері әсерін тигізді», - деді жергілікті тұрғын Ирина Якименко. Жиында бұл мәселені шешу жолдары қарастырылды.

53858.jpg

Ауыл тұрғындары тарапынан «Көкшетау» қорының иелігінен бірқатар жер телімдерін шығару, көпбалалы отбасыларды медициналық тексеруге жеңілдік жасау, мұғалімдердің зейнетке шығу жасын азайту, Антоновкадағы орталық көшелерде «Жаяу жүргінші» белгісін орнату және тағы да басқа өтініштер айтылды.

Сенаторлар Саумалыкөлдері қазақ орта мектебінің шатырын жөндеу барысын көрді.

Володар ауылдық округінің әкімі Ермек Қасымғалиевтің айтуынша, «Ауыл – ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасы аясында ауданда дене шынықтыру-сауықтыру кешені, орталық қазандық пен Саумалыкөлдегі шағын ауданда жылу желілері салынып жатыр. Бұған қоса, ол өнер мектебіне арнайы бөлінген екі қабатты нысанды, білім, денсаулық сақтау нысандарын жөндеу, аудандағы жолдарды ретке келтіру сияқты жұмыстар атқарылып жатқанын баяндады.

Өзгелердің жаңалығы