Сенатор: Тоқаев Қазақстанның Ресей және Қытаймен достық қарым-қатынасын оң бағалады

3 Қаңтар 2024, 19:39
497
Бөлісу:
Сенатор: Тоқаев Қазақстанның Ресей және Қытаймен достық қарым-қатынасын оң бағалады
Фото: instagram.com/gennadiishipovskikh

Парламент Сенатының депутаты Геннадий Шиповских Мемлекет басшысының «Egemen Qazaqstan» газетіне берген сұхбатындағы Қазақстанның халықаралық ұйымдарға төрағалық етуіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сенатордың сөзінше, расында да Президент айтқандай "біз озық ойлы ұлт ретінде тек қана алға қарауымыз керек".

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Egemen Qazaqstan» газетіне берген сұхбатындағы Қазақстанның халықаралық ұйымдарға төрағалық етуіне қатысты пікіріне тоқталғым келеді. Мемлекет басшысы өз сөзінде: Біз ұлт мүддесін ескере отырып, сындарлы әрі салиқалы сыртқы сая­сатты жалғастырамыз. 2024 жылы елімізде бірқатар ауқымды саммит, форумдар өтеді. Қазақстан бірнеше беделді халықаралық ұйымға, атап айтсақ, Шанхай ынтымақтастық ұйымына, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңеске, Түркі мемлекеттері ұйымына, Аралды құтқару халықаралық қорына, Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымына төрағалық ететіндігін атап өтті. Сондай-ақ Дүниежүзілік көшпенділер ойынын өткізу де еліміз үшін айтулы оқи­ға болмақ. Бұл, сөзсіз Қазақстанның халықаралық аренадағы сындарлы саясаты мен беделін көрсетеді. Сонымен қатар Мемлекет басшысы Қазақстанның Ресей Федерациясымен және Қытай Халық Республикасымен достық қарым-қатынасын оң бағалады, - деді Шиповских. 

Өзгелердің жаңалығы