Сенатор: Шағын және орта бизнесті қолдау мәселесі экономиканың дамуына қауіп төндіруде

10 Қазан 2024, 13:13
303
Бөлісу:
Сенатор: Шағын және орта бизнесті қолдау мәселесі экономиканың дамуына қауіп төндіруде

Сенатор Евгений Больгерт өзінің депутаттық сауалында шағын және орта бизнесті қолдау деңгейінің төмендігі туралы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Депутаттың айтуынша, дамыған елдерде шағын және орта бизнес жұмыспен қамтудың 60%-ы мен қосылған құнның 50%-дан астамын қамтамасыз етеді. Қазақстанда шағын және орта бизнестің үлесі небәрі 35%, ал несие алуда 19%-ды құрайды. Бұл дамыған экономиканың осы маңызды құрамдас бөлігін қолдау деңгейінің аздығын көрсетеді. Депутат бір жыл бұрын Үкімет Машина жасау саласын дамытудың 2024-2028 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекіткенін, оның аясында өнеркәсіпті дамыту қоры арқылы 600 миллиард теңге бөлу көзделгенін атап өтті. Бұдан басқа, жоспарда «Даму» қорынан ШОБ несиесіне 50 миллиард теңге субсидия бөлу қамтылған. Алайда, 2024 және 2025 жылдарға бұл мақсаттарға республикалық бюджеттен қаржы көзделмеген.

Өнеркәсіпті дамыту қорының мөлшері 7-ден 9%-ға дейін өсті. ШОБ осы қаржыландырудан зор үміт күтсе де бизнестің үміті ақталмады және саланың болашағы дабыл қағуды талап етеді. Бұл ретте Кешенді жоспарда 2029 жылға қарай өндірісті 4,5 есеге - 3-тен 11 трлн-ға дейін ұлғайту, нақты көлем индексі жыл сайын кемінде 10% өсіммен 2,2 есеге ұлғайту туралы міндет қойылды. Егер оған жағдай болмаса, осы мақсатқа қалай жетуге болады? Кешенді жоспарға сәйкес және биылғы қарызды ескере отырып, машина жасау саласының несиесін қаржыландыруды және субсидиялауды қамтамасыз етуді ұсынамыз. Серпінді өңдеуші кәсіпорындардың өнеркәсіпті дамыту қорына 3%-дан аспайтын мөлшерлеме бойынша қолжетімді несие беру мәселесін шешу керек, - деді Евгений Больгерт.

Өзгелердің жаңалығы