Сенатор «Қазақстан-Малайзия» достық тобының отырысына қатысты

Бүгiн, 19:32
128
Бөлісу:
Сенатор «Қазақстан-Малайзия» достық тобының отырысына қатысты
Фото: Сенаттың баспасөз қызметі

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Сүйіндік Алдашев «Қазақстан-Малайзия» достық тобының онлайн отырысына қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Онда парламентаралық ынтымақтастықты нығайту, стратегиялық әріптестікті дамыту және түрлі салалардағы өзара екіжақты іс-қимылды кеңейту мәселелері талқыланды.

Сенатор Малайзия Қазақстанның оңтүстік-шығыс Азия өңіріндегі маңызды стратегиялық әріптесі екенін атап өте келіп, екіжақты қатынастарда сауда, инвестиция және білім берумен қоса өзге де ауқымды бағыттар серпінді дамып келе жатқанын айтты.

Біздің қарым-қатынасымызда елдерімізге маңызды мәселелер бойынша сенім мен бірлесіп жұмыс істеудің негізгі бөлігі – парламентаралық ынтымақтастыққа ерекше назар аударылады. Біз парламенттік достық топтарына екіжақты өзара іс-қимыл мен елдерімізді дамытуға бағытталған бастамаларды қолдаудың маңызды тетігі ретінде қараймыз. Парламенттік құзырет аясында нақты шешімдерді ілгерілету үшін олардың әлеуетін барынша пайдалану маңызды, - деді Сүйіндік Алдашев.

Малайзия тарапынан отырысқа Сенат Төрағасының орынбасары Нұр Джазлан Мохамед бастаған Сенат депутаттары қатысты. Ол кездесуде сөз алып, Малайзияның біздің елмен арадағы парламентаралық қатынасты белсенді дамтуды жоғары бағалайтынын, сондай-ақ барлық саладағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға дайын екенін атап өтті.

Отырыс Қазақстан мен Малайзияның екіжақты ынтымақтастықты тереңдетуге, парламенттік дипломатияны нығайтуға және екі мемлекеттің мүддесі үшін бірлескен бастамаларды іске асыруға деген ниеттестігін нақтылады.

Өзгелердің жаңалығы