Сенатор бюджет қаражатына той жасады деп айыпталып жатыр

30 Шілде 2020, 19:52
2097
Бөлісу:
Сенатор бюджет қаражатына той жасады деп айыпталып жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Американың Теннесси штатының сенаторы Федералды қордың 600 мың доллар көлеміндегі қаржысын жымқырды деп айыпталып жатыр.

New York Post газетінің хабарлауынша, ол бұл қаржыны үйлену тойы мен сән салтанаты жарасқан өмір үшін жұмсаған.

 Жергілікті прокуратураның мәліметіне сүйенсек, сенатор Катрина Робертсон төрт жылдан бері Қоғамдық денсаулық сақтау институтына берілген ақшаны жымқырған. Ол оны үйлену тойының шығындарына және бал айына төлеуге жұмсаған. Сондай-ақ, сенатор 2016 жылы қызына жол талғамайтын көлік сатып алып, үйін жөндеуден өткізгені де хабарланған.

Аталған айыптарға қарамастан, Катрина Робертсон штаттағы мемлекеттік заң шығарушы органда қызмет етуді жалғастыратынын айтты.

Өзгелердің жаңалығы