Сенатор Больгерт: Отандық технологиялық өндірісті заңнамалық тұрғыдан қолдау қажет

11 Шілде 2023, 15:18
582
Бөлісу:
Сенатор Больгерт: Отандық технологиялық өндірісті заңнамалық тұрғыдан қолдау қажет
Фото: Сенаттың баспасөз қызметі

Парламент Сенатының депутаты Евгений Больгерт Қарағанды облысында Қазақстан халқы Ассамблеясының, Кәсіпкерлер қауымдастығының өкілдерімен және жастармен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сенатор кездесу барысында бизнестің құқықтары мен мүддесін қорғау, кәсіпкерлік саласындағы инновациялық жобаларды іске асыруға қолдау жасау, этностардың тарихи шыққан елдерінен Қазақстанға инвестиция мен технология тарту жөніндегі ұсыныстарды тыңдады.

Евгений Больгерт сонымен қатар VIII шақырылымдағы ҚР Парламенті Сенатының бірінші сессиясының қорытындылары туралы да айтты.

Сенат жалпы алғанда сессия жұмысы кезінде 25 заңнамалық актіні мақұлдады, оның ішінде елімізге де, халқымызға да маңызды болып отырған «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» заң қабылданды. Ол заң Қазақстан аумағында да, одан тыс жерлерде де заңсыз сатып алынған активтерді қайтаруға және заңсыз сатып алу және шығаруға ықпал еткен жағдайларды да жоюға мүмкіндік береді, - деді депутат.

Депутат сонымен қатар неміс мәдени орталығында болып, неміс жастар клубының қызметкерлерімен және өкілдерімен кездесті. Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXII сессиясының қорытындысы бойынша қабылданған шешімдерді хабардар ету, сондай-ақ мәдени орталықтың одан әрі жұмысы, институционалдық нығайту, өңірдегі жобалық жұмысты іске асыру мәселелері кездесудің негізгі тақырыбы болды.

Евгений Больгерт сапар барысында «Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағында да болды. Бұл аймақта негізгі өндірісі шар крандары мен болат құбырлары болып табылатын екі ірі зауыт орналасқан.

Депутат айтылған барлық проблемалық мәселелерден хабардар болды. Кәсіпорындар басшылығы өнімді өткізу нарығын кеңейту, сондай-ақ көрші елдер өндірушілерінің қосылуы салдарынан бәсекелестіктің күшеюі негізгі мәселелер болып отырғанын атап өтті. Өндірушілердің сенаторға айтқан өтініш-пікірлерінде осындай мәселелер көтерілді.

Депутат өз кезегінде отандық технологиялық өндірісті қолдау және дамыту, оның ішінде заңнамалық өзгерістер арқылы Үкіметпен өзара іс-қимыл жұмыстарын жалғастыру туралы айтты.

Өзгелердің жаңалығы