Сенатор Беларусь Ұлттық жиналысының Өкілдер палатасының сайлауына қатысты

ТМД ПАА-дан халықаралық байқаушылар тобы өз қызметін Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің байқаушылар миссиясының құрамында жүзеге асырады.

 Парламент Сенатының баспасөз қызметі 26 Ақпан 2024 2024, 14:13
26 Ақпан 2024 2024, 14:13
803
Фото: Парламент Сенатының баспасөз қызметі

Сенат депутаты Нұрлан Бекенов ТМД ПАА байқаушылар миссиясының құрамында VIII шақырылған Беларусь Республикасы Ұлттық жиналысының Өкілдер палатасын және депутаттардың жергілікті кеңестерін сайлауға дайындық және өткізу мониторингіне қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мониторинг барысында Беларусь Республикасының Орталық сайлау комиссиясының, Минск қалалық сайлау комиссиясының, Минск облыстық сайлау комиссиясының, Республикалық еңбек және әділет партиясының, Беларусь Коммунистік партиясының басшылығымен және басқа да өкілдермен кездесулер өткізілді.

ТМД ПАА-дан халықаралық байқаушылар тобы өз қызметін Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің байқаушылар миссиясының құрамында жүзеге асырады.

Наверх