Астана, BAQ.KZ. Парламент Сенатының депутаты Сәрсенбай Еңсегенов Атырау облысына жұмыс бабындағы сапары аясында Геолог және Жалғансай ауылдарында болып, жергілікті тұрғындармен кездесті. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің баспасөз қызметі хабарлады.
Бұл жүздесулерде сенатор Мемлекет басшысының "Нұр Отан" партиясының XVIII cъезінде алға қойған міндеттерін жан-жақты түсіндіріп, айтылған бастамаларды іске асыру жөніндегі Парламенттің заң шығару қызметі туралы айтып берді.
Геолог ауылындағы Қаныш Сәтпаев атындағы орта мектепте өткен кездесуге қатысқан ұстаздар қазіргі кезде қоғамдық талқыға салынып жатқан "Мұғалім мәртебесі туралы" заң жобасы туралы сауалдар қойып, мұғалімдер еңбекақысының ерекшеліктері мен зейнет демалысына шығудағы жаңалықтарға назар аударды. Ал мектеп бітіретін жоғары сынып оқушыларын биылғы жастар жылына байланысты жүзеге асатын шаралар ауқымы қызықтырды.

Махамбет ауданындағы Жалғансай орта мектебінде ауыл тұрғындарымен өткен кездесуге облыстық, аудандық мәслиxат депутаттары, аудан әкімі мен әкімдік қызметкерлері, қоғамдық кеңес пен ардагерлер және жастар ұйымдарының өкілдері қатысты. Ауыл тұрғындары Елбасының әлеуметтік бастамаларына қолдау білдіріп, ризашылықтарын жеткізді. Кездесуде зейнетақы, руxани тәрбие, ардагерлер туралы заң және жастарды қолдауға қатысты ұсыныстар айтылды.
Депутат Қазақстан Президентінің бастамалары Парламент депутаттары күнделікті заң шығару жұмысында назарда ұстайтынын және бюджеттік бағдарламалардың орындалуын қадағалайтынын жеткізді.