Сенатор ауыл шаруашылығына арналған субсидияның тиімсіздігін атап өтті

20 Маусым 2024, 16:43
236
Бөлісу:
Сенатор ауыл шаруашылығына арналған субсидияның тиімсіздігін атап өтті
Фото: скрин

Закиржан Кузиев ауыл шаруашылығына арналған субсидияның тиімсіздігін атап өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Соңғы 5 жылда субсидиялау ережелері 40-тан астам өзгерді. Сенатор агроөнеркәсіп кешеніне берілетін субсидиялардың тиімсіздігі мәселелері туралы айтты.

Ережелердегі жиі өзгерістер фермерлерге қиындық туғызады. Олар жұмысын дұрыс жоспарлай алмайды және жүргізу қиын, бұл күрделі жұмыстың нәтижесіне теріс әсер етеді. Субсидия беру тетіктерінің ашық болуы жөніндегі қадамдарға қарамастан, бұл рәсімдер әлі күнге дейін жабық саланың бірі.

Салаға жеткілікті қаржы бөлмеу дағдысы жылдан жылға созылып келе жатуына байланысты бұл мәселе бүгінгі күні өткір тақырып. Қолдау бағдарламалары бар,  бірақ бұл үшін ақша толық көлемде бөлінбейді. Мұндай келеңсіз тәжірибе фермерлердің реформалардың шынайылығы мен мемлекеттік қолдау шараларына деген сеніміне селкеу түсіреді. Бұл жағдай жыл сайын орын алады және қайталанып отыр. Ауыл шаруашылығы министрлігінің бір аймақтың барлық саладағы тәжірибесін бақылау және кеңінен тарату жөніндегі бастамасы әрқашан тиімді бола бермейді. Жобаларды кеңінен тарату барысында климаттық жағдайға, су мен топырақтың ерекшелігіне байланысты әр аймақтың табиғи өзгешелігін ескеру өте маңызды. Ауыл шаруашылығын субсидиялау жүйесін жетілдіру қажеттілігі туындап отыр, - деді ол.

Депутат АӨК субъектілеріне жеңілдетілген несие беру және субсидиялау қызметін бір цифрлық платформада біріктіруді ұсынды. Жергілікті мәслихаттар өз өңірлерінде ауыл шаруашылығы дақылдары мен тыңайтқыштарды терең өңдеуге преференцияларды дербес айқындауға және субсидиялауды дамытуға белсенді қатысуға құқылы болуға тиіс.

Өзгелердің жаңалығы