Сенатор Әсем Рахметова Үкіметке интернет-алаяқтық үшін жазаны қатаңдатуды ұсынды

5 Қыркүйек 2024, 13:36
244
Бөлісу:
Сенатор Әсем Рахметова Үкіметке интернет-алаяқтық үшін жазаны қатаңдатуды ұсынды
Фото: Ерболат ЛАҚАЙ -архив

Интернет-алаяқтық мәселелері қарқын алуда және қазақстандықтарға аса маңызды мәселеге айналып отыр. 2024 жылдың 8 айында осындай 11 765 қылмыс тіркелген, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Сенатор Әсем Рахметова өзінің депутаттық сауалында осы проблемамен күресу шараларын ұсынды.

Қылмыскерлер күн санап үйреніп жатыр және азаматтарды алдаудың жаңа тәсілдерін іздеуді жалғастыруда. Сенатор ІІМ және басқа да мемлекеттік органдар қабылдаған кешенді шараларға қарамастан, қарқынды профилактикалық жұмысты жалғастыру керектігін айтты және қазақстандықтарды қорғауды күшейту қажет деп санайды.

Ішкі істер министрлігі мен "Қазақтелеком" АҚ-мен өзара іс-қимыл нәтижесінде антифрод жүйесімен 1,9 млн. астам шетелдік алаяқтық қоңыраулар бұғатталған. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің ұялы байланыс операторларымен бірлесіп, «ауыстырылатын нөмірлерден» 58 млн. шетелдік қоңырауды тоқтатқан. Ұлттық Банкпен бірлесіп, антифрод орталықты құру арқылы шетелге кетіп қала жаздаған 395 млн теңге бұғатталған, - деді сенатор.

Сенатор осыған байланысты танымал әлеуметтік желілерде тұрақты ақпараттық компанияларды жүргізуді, блогерлерді түсіндіру жұмыстарына тартуды ұсынды.

Азаматтар күдікті әрекеттер туралы хабарлай алатын және кеңес ала алатын арнайы сенім телефондары мен онлайн-платформаларды әзірлеу керек. Бұл шаралар азаматтардың алаяқтықпен байланысты тәуекелдер туралы хабардарлығын арттырып қана қоймай, қылмыс жасау мүмкіндігін азайта отырып, қауіпсіз және қорғалған цифрлық ортаны құруға мүмкіндік береді, - деді Әсем Рахметова.

Өзгелердің жаңалығы