Сенатор Алматы облысының тұрғындарымен кездесті

26 Тамыз 2019, 18:09
1407
Бөлісу:
Сенатор Алматы облысының тұрғындарымен кездесті

Талдықорған, BAQ.KZ. Парламент Сенатының депутаты Владимир Волков Алматы облысы Қарасай ауданында болды.

Тұрғындармен жүздесу барысында өнеркәсіпті, спортты дамыту, коммуналдық сала мен тұрғын үй құрылысына қатысты мәселелер көтерілді.   

Сенатор Ұмтыл ауылдық округінің әкімімен, коммуналдық қызмет басшылары және өкілдерімен кездесу өткізіп, елдімекендерді сумен қамтамасыз ету, электр қуатын толассыз беру, жолды жөндеу және жарықтандыру мәселелеріне байланысты Көлді ауылы тұрғындарының ұжымдық өтініштерін қарады.

Кездесуде депутат В.Волков Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев қойған 10 басты міндетті іске асыру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы айтып, азаматтардың табысын арттыру, тұрғын үй саясаты және аймақтарды кешенді дамытуға қатысты мәселелерге кеңінен тоқталды. Кездесу барысында көтерілген мәселелерді сенатор өз бақылауына алды.
Өзгелердің жаңалығы