Сенат Жоғарғы сот судьясын отставкаға жіберді

27 Мамыр 2021, 10:27
2898
Бөлісу:
Сенат Жоғарғы сот судьясын отставкаға жіберді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Парламент Сенатының жалпы отырысында ҚР Жоғарғы сотының судьясы Лариса Шепелева қызметінен босатылды.

ҚР Жоғарғы сотының судьясы Лариса Шепелеваны қызметінен босату туралы мемлекет басшысының ұсынымы енгізілді. Шепелева құрметті отставкаға шығуға ниет білдірді. Құрметті депутаттар, Жоғарғы сотының судьясы отставкаға шығуына байланысты қызметінен босату туралы Мемлекет басшысының ұсынымын қолдауды сұраймыз, - деді ҚР Жоғарғы сот Кеңесінің төрағасы Талғат Донақов. 

Жоғары палата депутаттары бұл ұсынысты бір ауыздан қолдады.

Ұзақ жылдар бойы сот жүйесінде табысты еңбек етіп, еліміздің дамуына өз үлесін қосқаны үшін Лариса Шепелеваға алғыс білдіреміз, - деді Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев.

Өзгелердің жаңалығы