Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк төрағасы лауазымына Тимур Сүлейменовтің кандидатурасын ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Сенат депутаттары Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған кандидатураны қолдап дауыс берді.
Конституцияға сәйкес, Ұлттық банктің төрағасын Қазақстан президенті парламент сенатының келісімімен тағайындайды.
Айта кетейік, бұған дейін осы қызметтен Ғалымжан Пірматов босатылған еді.