Сенат "Түркі мемлекеттері ұйымына мүше мемлекеттердің үкіметтері арасындағы оңайлатылған кеден дәлізін құру туралы келісімді ратификациялау туралы" заңды мақұлданды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Келісім мемлекеттердің аумақтары арасында өткізілетін тауарлар мен көлік бойынша мәліметтерді электрондық алмасу арқылы кедендік бақылауды жүргізудің тиімділігін арттыру және мерзімдерін қысқарту мақсатында жасалды. Құжат аясында "жеңілдетілген кеден дәлізі" және "сауда операторлары" сияқты ұғымдар енгізілмек.
Жеңілдетілген кеден дәлізі – мемлекеттер арасындағы саудада тасымалданатын тауарлар туралы алдын ала ақпарат алмасуға бағытталған электрондық жүйе. Сауда операторлары – жеңілдетілген дәлізге қатысатын тауарлар мен көлік құралдары туралы сенімді ақпарат беретін өкілдер. Жеңілдетілген кеден дәлізі сауда операторларына сыртқы сауда операцияларын жеделдетуге және арзандатуға ықпал ететін бірқатар артықшылық ұсынады. Кедендік рәсімдеу шаралары жекелеген қозғалыс жолақтарын пайдалана отырып, оңтайландырылатын болады, – деді Сенат депутаты Бекбол Орынбасаров.
Депуттатың сөзінше, кедендік рәсімдерді оңайлату - бизнес-процестерді жеңілдетіп қана қоймай, сауда мен инвестициялық ахуалды дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасайды.
Тұтастай алғанда, келісімді ратификациялау Қазақстан үшінОрталық Азияны әлемдік сауда орталықтарының бірінеайналдыруға және Қазақстанның Халықаралықэкономикалық аренадағы позициясын нығайтуға одан әріжәрдемдесетін жаңа перспективалы сауда жолын ашады. Сенаттың тұрақты комитеттерінен осы Заң бойынша ескертулер мен ұсыныстар келіп түскен жоқ, – деді Сенатор.