Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Сенат Цифрлық кодексті мақұлдады

Бүгiн, 16:00
212
Бөлісу:
 Мәжілістің баспасөз қызметі
Фото: Мәжілістің баспасөз қызметі

Сенат Цифрлық кодексті мақұлдады. Құжат цифрлық заңнаманың бірыңғай қағидаттарын бекітеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Кодексте цифрлық объектілердің құқықтық режимі енгізіледі. Олардың түрлері айқындалып, оған цифрлық деректер, цифрлық активтер, цифрлық ресурстар, бағдарламалық қамтамасыз ету, цифрлық жүйелер мен платформалар кіреді.

Цифрлық ортаға қатысушылардың құқықтары мен міндеттері нақтыланады. Азаматтардың цифрлық құқықтары, соның ішінде цифрлық сәйкестікті қорғау құқығы белгіленіп, цифрлық қатынастар субъектілерінің міндеттері айқындалады.

Цифрлық сәйкестендіру мен биометрияға қатысты мәселелер реттеледі: цифрлық және биометриялық аутентификация тәртібі, сондай-ақ цифрлық деректердің идентификаторларын пайдалану қағидалары белгіленеді.

"Цифрлық үкіметті" дамыту мен мемлекеттің цифрлық архитектурасын қалыптастыруды қоса алғанда, цифрлық мемлекеттік басқарудың құқықтық негіздері бекітіледі.

Сондай-ақ жаңа технологияларды реттеу және деректер қауіпсіздігі қарастырылады: смарт-келісімшарттар, үлестірілген жүйелер, автоматтандырылған шешімдер, цифрлық деректерді қорғау және киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары көзделген.

Өзгелердің жаңалығы