Сенат төрағасы Жапония елшісімен кездесті

12 Маусым 2020, 15:09
1414
Бөлісу:
Сенат төрағасы Жапония елшісімен кездесті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев Жапонияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Тацухико Касаймен кездесті, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.

Кездесу аясында парламентаралық байланыстардың келешегі, сондай-ақ екіжақты экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Мәулен Әшімбаев қазақстандық парламентшілердің жапон әріптестермен екіжақты сипатта да, халықаралық парламенттік ұйымдар, атап айтқанда Парламентаралық Одақ аясында да өзара нәтижелі іс-қимылды дамытуға мүдделі екендігін нақтылады.

Өзгелердің жаңалығы