Сенат отырысы Қарағанды шахтасындағы кеншілерді еске алудан басталды

2 Қараша 2023, 10:26
646
Бөлісу:
Сенат отырысы Қарағанды шахтасындағы кеншілерді еске алудан басталды
Фото: Сенаттың баспасөз қызметі

Сенаттың жалпы отырысы Қарағандыдағы Костенко атындағы шахтада қаза тапқан кеншілерді бір минут үнсіздікпен еске алудан басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қарағанды облысындағы шахтада орын алған қайғылы жағдай бәріміздің қабырғамызды қайыстырды. Осы жағдайға байланысты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Өкімімен елімізде Жалпыұлттық аза тұту жарияланды. Бұдан былай қайғылы оқиғаға себепші болған «АрселорМиттал Теміртау» компаниясымен еліміз инвестициялық ынтымақтастықты тоқтатады. Президент тапсырмасына сәйкес, зардап шеккен азаматтарға жан-жақты қолдау жасалады. Расымен, осындай қиын сәтте қоғам болып жұмылудың және өзара демеу болудың маңызы зор. Сондықтан мезгілсіз қайтыс болғандардың отбасыларына, туған-туыстарына Сенаттың атынан тағы да көңіл айтып, қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алайық, - деді Сенат спикері Мәулен Әшімбаев.

Еске сала кетейік, Қарағанды облысындағы Костенко шахтасында апат болып, 46 кенші қаза тапқан болатын.

Өзгелердің жаңалығы