Сенат көші-қонға қатысты заңды мәжіліске қайтарды

18 Сәуір 2024, 10:31
470
Бөлісу:
Сенат көші-қонға қатысты заңды мәжіліске қайтарды
Фото: скрин

Бүгін Сенаттың жалпы отрысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны және қылмыстық-атқару жүйесі салаларындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңы Сенат отырысында қаралды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Парламент депутаттарының бастамасымен әзірленген заң халықтың көші-қоны және қылмыстық-атқару жүйесі саласындағы заңнаманы жетілдіруге бағытталған. Қарастырылып отырған заң Сенат депутаттары, мүдделі мемлекеттік органдардың қатысуымен 10 жұмыс тобының, бас комитеттің кеңейтілген отырыстарында жан-жақты талқыланып, қарастырылған.

Заңды талқылау және оны екінші оқылымға дайындау барысында заңды жетілдіруді көздейтін маңызды өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Барлық ұсыныс пен ескерту 11 түзетуден тұратын салыстырмалы кестеге жинақталып, сіздердің назарларыңызға ұсынылып отыр. Құқықтық қайшылықты болдырмау мақсатында Жер кодексіне қоныс аударушыларға конкурстан тыс тәртіппен шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін берілетін жер учаскелерінің мерзімдеріне қатысты толықтырулар енгізілді. Қылмыстық кодекстің 428-1-бабының екінші бөлігі бойынша қылмыстық-атқару жүйесінің, тергеу изоляторларының, уақытша ұстау изоляторларының қызметкерлері өзінің қызметтік жағдайын пайдалана отырып, қылмыс жасаған жағдайда екі жылдан бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жауаптылық қатаңдатылып, жазаның балама түрлері алып тасталды, - деді сенатор Советбек Медебаев.

Сонымен қатар заң аясында бейнебақылау жүйелерін қасақана жойғаны немесе бүлдіргені үшін қылмыстық жауаптылықтың енгізілуіне байланысты Қылмыстық-атқару кодексіне бейнебақылау жүйесі ұғымын енгізу бөлігінде түзетулер енгізілді.

«Халықтың көші-қоны туралы» заңға заңнама талаптарының сақталуын мемлекеттік бақылау туралы дербес тараудың енгізілуіне байланысты заңның жекелеген нормалары Кәсіпкерлік кодексінің және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнес жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңның нормаларына сәйкес келтірілді. Сонымен қатар осы заңмен, ауыр немесе аса ауыр қылмыстар жасаған шетелдіктердің Қазақстан Республикасына келуiне тыйым салатын негіздер кеңейтіліп отыр. Осыған байланысты, қылмыстық-процестік кодекстің нормаларына сәйкес келтіру мақсатында, «Шетелдiктердiң құқықтық жағдайы туралы» және «Халықтың көші-қоны туралы»заңдарына тиісті толықтырулар енгізілді, - деді сенатор.

Алайда Сенат заңның жекелеген баптарын жаңа редакцияда ұсынып, оны Мәжіліске қайтарды.

Өзгелердің жаңалығы