Сенат капиталдың шетелге шығарылу тәуекелін азайтатын заң жобасын мақұлдады

23 Маусым 2022, 11:06
1213
Бөлісу:
Сенат капиталдың шетелге шығарылу тәуекелін азайтатын заң жобасын мақұлдады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі.  Бұл туралы Сенаттың жалпы отырысында белгілі болды. 

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы туралы айтты.

Заң жобасы Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау үшін әзірленді, сондай-ақ салық салу мәселелері бойынша Үкіметтің өзекті міндеттерін шешуге бағытталған.

Заң жобасы тау-кен рудасы секторына салықтық жүктемені қайта қарау, жаңа кен орындарын рентабельділік деңгейіне қарай пайдалы қазбаларды өндіру салығынан босату,дивидендтер бойынша жеңілдіктердің күшін жою және оларға салық салу, үлестес тұлғалар көрсеткен материалдық емес қызметтер бойынша шегерімдерді қолдануды шектеу,қор биржаларымен байланысты өзара қарым-қатынастар бойынша салық салу мәселелерін реттеуге мүмкіндік беретін нормаларды енгізу, цифрлық майнингке салық салу,төтенше жағдай қолданысы кезеңінде келтірілген залалды өтеу кезінде салық салу мәселелерін реттеуге мүмкіндік беретін нормаларды енгізуді көздейді, - деді министр.

Заң жобасы мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық міндеттерін іске асыруды қамтамасыз ету үшін бюджетке қосымша қаражат тарту, капиталдың шетелге шығарылу тәуекелін азайту, жер қойнауын пайдаланудан қайтарымды арттыру, тиімсіз жеңілдіктер мен преференцияларды алып тастау, сондай-ақ салықтық әкімшілендіруді жетілдіруді көздейді.

Өз кезегін Трұмов Сенаттың тұрақты комитеттерінің заң жобасының тұжырымдамасы бойынша ескертулері мен ұсыныстары жоқ екенін айтты.

Баяндалғанды ескере келе, Қаржы және бюджет комитеті Сенат Регламентінің 58-тармағын басшылыққа ала отырып, Парламент Мәжілісі мақұлдаған «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын бірінші оқылымда мақұлдауды ұсынады, - деді СерікбайТрұмов. 

Сенат аталған заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. 

Өзгелердің жаңалығы