Сенат энергия үнемдеу туралы заң жобасын Мәжіліске жіберді

16 Маусым 2022, 10:53
2046
Бөлісу:
Сенат энергия үнемдеу туралы заң жобасын Мәжіліске жіберді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін өткен Парламент Сенатының отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне электр энергетикасы, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру, жер қойнауын пайдалану, жергілікті мемлекеттік басқару және мемлекеттік шекара мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы Мәжіліске қайтарылды. 

Заң жобасымен бес бағыт бойынша міндеттерді жүзеге асыру қарастырылады. Бұл бағыттар: экономика секторларының энергия тиімділігін арттыру және жалпы ішкі өнімнің энергия сыйымдылығын төмендету, электр станцияларында газ қондырғыларын салу бойынша инвестициялық жобаларды іске асыру, Алматы қаласын дамыту шеңберінде қоғамдық қатынастарды реттеуді жетілдіру, дәстүрлі емес көмірсутектерді өндіруді дамыту, сондай-ақ шекара бөлімшелері мен мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттерін салу жөніндегі мәселелерді шешу болып табылады. Аталған заңның жобасы жұмыс тобының отырыстарында, тұрақты комитеттерде, комитеттің кеңейтілген отырысында жан-жақты талқыланып қаралды. Заң жобасын талқылау барысында Сенат депутаттары бірқатар өзгерістер мен толықтырулар енгізді, - деді Сенат депутаты Ерік Сұлтанов. 

Айтуынша, барлық ескертпелер мен ұсыныстар салыстырмалы кестеге енгізілген және жинақталған.

Баяндалғанды ескере келе, Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитеті Парламент Мәжілісі мақұлдаған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне электр энергетикасы, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру, жер қойнауын пайдалану, жергілікті мемлекеттік басқару және мемлекеттік шекара мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңының жобасына өзгерістер мен толықтыруларды Қазақстан Республикасы Конституциясы 61-бабының 5-тармағына сәйкес Парламент Мәжілісіне жіберуді ұсынады. Қолдауларыңызды сұраймын, - деді Ерік Сұлтанов. 

Заң жобасы бірінші оқылымда жан-жақты талқыға түскен болатын. 

Жаңа заң жобасы бойынша салыстырманы кестені қарасақ. Кестеге 6 түзету енгізілген. Бас комитет бұл түзетулерді қабылдауды ұсынып отыр.  Заң жобасы бойынша Сенат енгізген түзетулерді Мәжіліске жіберіледі, - деді Сенат спикері Мәулен Әшімбаев. 

Өзгелердің жаңалығы