Сенат ЕАЭО елдерінің кедендік баж салығына қатысты заңды мақұлдады

9 Ақпан 2023, 11:39
815
Бөлісу:
Сенат ЕАЭО елдерінің кедендік баж салығына қатысты заңды мақұлдады

Бүгін өткен Сенаттың жалпы отырысында кедендік әкелу баждарына қатысты заң жобасы мақұлданды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

«Кедендік әкелу баждарының (балама қолданылатын өзге де баждар, салықтар мен алымдар) сомаларын есепке жатқызу және бөлу, оларды Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер бюджеттерінің кірісіне аудару тәртібін сақтау мәселелері бойынша бірлескен бақылау іс-шараларын өткізу туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы бюджет қаражатының заңдылығы мен уақтылы қозғалысын бақылауды қамтамасыз етеді деп күтілуде.

Заңда Кедендік әкелу баждарының (балама қолданылатын өзге де баждар, салықтар мен алымдар) сомаларын есепке жатқызу және бөлу, оларды Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер бюджеттерінің кірісіне аудару тәртібін сақтау мәселелері бойынша бірлескен бақылау іс-шараларын өткізу туралы келісімді ратификациялау көзделеді. Заңмен халықаралық шарт деңгейінде бірлескен бақылау іс-шараларын өткізу тәртібін, кезеңдері мен мерзімдерін, анықталған бұзушылықтарды жою тетігін, сондай-ақ тексеруге қатысушылардың өзара іс-қимылының ұйымдастырушылық мәселелерін бекіту ұсынылады, - деп атап өтті Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы Сұлтанбек Мәкежанов. 

Келісімді ратификациялау одақ қызметінің негізгі реттеуші тетіктерінің бірі ретінде кедендік әкелу баждарының (балама қолданылатын өзге де баждар, салықтар мен алымдар) сомаларын есепке жатқызу және бөлу тәртібін жетілдіруге жол ашады.  Сондай-ақ бюджет қаражатының заңдылығы мен уақтылы қозғалысын бақылауды қамтамасыз етеді. 

Сенаторлар заң жобасын бірауыздан мақұлдады. 

Өзгелердің жаңалығы