Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Сенат Мәжіліс «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық процестік заңнаманы жетілдіру және дауларды соттан тыс және сотқа дейінгі реттеу институттарын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы заңының жобасын қабылдады.
Заң жобасы, Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жолдауында – «дауларды шешудің баламалы тәсілдерін дамыту керек, бұл мемлекеттің қатысуынсыз, ымыраға келуге мүмкіндік береді» деген тапсырмасын, орындау аясында енгізіліп отыр.Заң жобасы медиация институтын дамытуға, яғни дауларды шешудің соттан тыс тәртібін дамытуға, оның ішінде татуластыру рәсімдерін жан-жақты қолдану мақсатында әзірленген. Ал медиация институты әлемдік қоғамдастықты дауларды шешудің тиімді және қарқынды дамып келе жатқан құралы ретінде танылған, - деді Сұлтанбек Макежанов.
Ол атағандай, заң жобасының ережелері, татуластыру рәсімдерін және дауларды шешудің баламалы әдістерін кеңінен қолдануға мүмкіндік береді.
Татуластыру рәсімдерін қолдану аясын кеңейту, сот шығындарын азайтуға, халықты осы маңызды іске неғұрлым белсенді тартуға бағыттайды. Оған қосымша осы рәсімдерді нақты реттеу - судьяның, адвокаттың, нотариустың медиацияны жүзеге асыру мүмкіндігін қамтамасыз ететін болады. Нәтижесінде сот талқылауының жаңа тәсілі - тараптар үшін дауларды тез шешуге ынталандыратын болады. Бұл соттардағы жүктемені азайтуға ықпал етеді, - деді депутат.
Ол атағандай, азаматтық процеске «сотқа дейінгі хаттама» сияқты жаңа институт енгізілуде.
Ол тараптарға, сотта табысқа жету мүмкіндіктерін бағалауға және сот шешімін асыруға байланысты дауды, соттан тыс және басқа да бірқатар тәртіппен шешу мүмкіндігін пайдалануға жағдай жасалады.Атап өтетін жаңашылдықтың бірі, ол көп жүктелген сотты анықтайтын автоматтандырылған ақпаратты жүйе арқылы, эксаумақтық соттылықты таңдау құқығын беретіндігі.Заң жобасында жоғары тұрған сотқа біртектес істердің бірін өз өндірісіне енгізіп, оларды үлгілі сот талқылауында қарау және олар бойынша шешім қабылдау құқығын беру ұсынылады.Бұл норма судьяларға, оларды болашақта үлгі ретінде пайдалануға мүмкіндік береді және сот тәжірбиесін біркелкі қолдануды қамтамасыз етеді. Оған қоса норма сот актілерінің сапасын арттырып, уақытын үнемдейді, - деді ол.
Жалпы алғанда Заң жобасын қабылдау бітімгершілік рәсімдері мен медиацияны қолдану аясын кеңейтеді. Бұл сайып келгенде, жоғарыда айтылғандай, азаматтардың сот шығындарын оңтайландыруға, дауларды соттан тыс реттеу институтына деген сенімді арттыруға мүмкіндік береді.
Заң жобасы бойынша Сенаттың тұрақты комитеттері оң қорытындыларын берді. Ескертулер мен ұсыныстар келіп түскен жоқ, - деді Макежанов.
Заң жобасын депутаттар екінші оқылымда қабылдады.