Сен құрметте оны! Өнерпаздар ардагерлерге сый көрсетті

5 Мамыр 2023, 19:15
1090
Бөлісу:
Сен құрметте оны! Өнерпаздар ардагерлерге сый көрсетті
Фото: автордан

Қостанай облысы орталығындағы «Мирас» мәдениет үйінің өнерпаздары кешегі сұрапыл соғысты өз бастарынан өткерген қарт майдангерлердің үйлеріне барып, шағын концерт ұйымдастыруда, деп хабарлайды сол өңірдегі BAQ.KZ тілшісі.

Тарихымызда адамзат үшін аса қатыгездіктің куәсі болған екінші дүниежүзілік соғыстың зардабы қанша жыл өтседе, қоғам әлі ұмытқан жоқ. Сол соғыста қолына қару алып, оқ пен оттың ортасында толарсақтан қан кешкен ардагерлердің қатары жылдар алдыға жылжыған сайын сиреп бара жатқаны өкінішті. 

Қазіргі кезде, Қостанай қаласын көзі тірі жиырма алты соғыс ардагері мекен етуде. Бір кезде жалындаған жігерлі жігіттердің бұл күнде алды ғасыр жасап отыр. Бүгінгі ұрпаққа бейбіт өмір сыйлаған қарт сарбаздарға құрмет көрсетіп, ардақтау - әр біріміздің борышымыз.

Сен құрметте оны! Өнерпаздар ардагерлерге сый көрсетті

Осы мақсатты ұстанған «Мирас» мәдениет үйінің ұжымы осындай ерекше концертті ұйымдастырып, ардагерлерге ерекше көңіл-күй сыйлауы -құптарлық бастама. Бүгін өнер ұжымы атақты педагог, танымал журналист, ақын, «ҚР мәдениет саласының үздігі» Қасымхан ата Алдабергеновтың үйіне әдейілеп барып, ауласын мерекелік думанға бөледі.

«Қасымхан атамыз -Қостанай өлкесінің тірі аңыз адамы. Оның кешегі майдан даласындағы ерлігі талай әңгімеге арқау болып жүр. Майданнан кейін еліміздің өркендеу жолында аянбай еңбек етті. Атамыздың мәдениет, баспасөз, әдебиет саласында атқарған жұмыстары ұшан теңіз. Қасымхан атаның қамқорлығын көрген шәкіртері де баршылық. Осынау мереке қарсаңында ардагерлерге тағзым етіп, қандай құрмет көрсетсек те жарасады» - дейді Қостанай қаласы әкімінің кеңесшісі Абай Дүйсеков.

Сен құрметте оны! Өнерпаздар ардагерлерге сый көрсетті

Жасы жүзге жақындаса да көңілі сергек, жүрісі ширақ атамыз да ұрпағының осындай құрмет көрсетіп жатқанына дән риза. Оны қарияның кіршіксіз таза жүзінен анық аңғардық.

«Жас ұрпақтың осылай елеп-ескеріп жатқаны қуантады. Себебі, біз ел ертеңі мен өскелең ұрпақтың болашағы үшін қан майданда жан беріп, жан алыстық. Біздің төккен теріміз еш кетпегені маған қуаныш сыйлайды», - дейді батыр ата Қасымхан .

Сен құрметте оны! Өнерпаздар ардагерлерге сый көрсетті

Ардагерлерді құттықтау 6 мамыр күні де жалғасын табады.

Өзгелердің жаңалығы