Семейлік оқушы наурыздағы ҰБТ-дан 140 балл жинады

Ол қазіргі таңда Әлихан Бөкейхан атындағы қазақ орта мектебінің және «Тарих мектебі» білім беру орталығының түлегі.

 Абай облысы әкімдігі Кеше 2026, 04:27
Кеше 2026, 04:27
145
Фото: Абай облысы әкімдігі

Семейлік оқушы Ерасыл Сайлауов наурыз айындағы ҰБТ-дан 140 балл жинап, Қазақстан бойынша ең жоғары нәтижеге қол жеткізді. Аталған көрсеткіш негізінде ағылшын тілі пәнінен 50 баллдық конвертация жасалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ерасыл Сайлауов – Абай облысы, Бородулиха ауылының тумасы. Ол қазіргі таңда Әлихан Бөкейхан атындағы қазақ орта мектебінің және «Тарих мектебі» білім беру орталығының түлегі.

Оқушының бос уақыты негізінен кітап оқу мен шет тілдерін меңгеруге арналады. 10-сыныпта ол IELTS халықаралық емтиханын тапсырған. Сондай-ақ, Ерасыл волейбол спортымен тұрақты айналысады.

Ерасылдың басты мақсаты – Нағыз ҰБТ-да дәл осы нәтижені қайталау және «Дипломатия» мамандығы бойынша мемлекеттік білім грантына ие болу.

Наверх