Семейлік өнерпаздар Минск төрінде өнер көрсетті

Бүгiн, 05:28
174
Бөлісу:
Семейлік өнерпаздар Минск төрінде өнер көрсетті
Фото: Абай облысының әкімдігі

Республика күні қарсаңында семейлік өнерпаздар Беларусь республикасының астанасы Минск қаласында концерт өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ Абай облысының әкімдігіне сілтеме жасап.

Концертте Әміре Қашаубаев атындағы мемлекеттік филармониясының әртістері Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, күйші, композитор Айбек Бекбосынов, мәдениет саласының үздігі Нұрбек Өмірбеков, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мапруза Утуленова және "Дала Сазы" этно- фольклорлық ансамблінің өнері көрерменді тәнті етті.

Шара қазақ өнері мен мәдениетін насихаттау, екі ел арасындағы мәдени байланысты нығайту мақсатын көздеді.

Беларусь еліндегі қазақ диаспорасының өкілдері, өнер зерттеушілері, музыканттар мен қала тұрғындары алдында "Дала Сазы" этно- фольклорлық ансамблі қазақтың халық әндері мен күйлерін орындады.

Көрермендер концерт арқылы қазақ халқының ұлттық өнерімен жақынырақ танысып, ризашылықтарын білдірді.

Өзгелердің жаңалығы