ТЖМ Абай облысының Семей қаласындағы жағдай туралы ақпаратты жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
ЖАО күшімен Щорс, Кирпичный, 3-ші Лодочная, Восточный және Подгорная кенттері, сондай-ақ қаланың басқа бөліктерінде су айдау жұмыстары жүргізілді, "Теплокомэнерго" МКҚК-мен бірлесіп инертті материал таратылды.
Департамент қызметкерлері Красин, Садовая және Менжинский көшелеріндегі аула аумақтарынан су айдау жұмыстарын жүргізді.
Арық жүйесін тазарту үшін ТЖМ 68303 Ә/Б күштері мен құралдары тартылды.
Қазіргі уақытта қала көшелерінен 1500 текше метрден астам су айдалды.
Жұмыстарға ЖАО, ТЖД және 68303 ӘБ-нің жеке құрамның 60-тан астам адамы және 20-дан астам техника жұмылдырылды.
Еріген суды сору жұмыстары аяқталды.
ЖАО және ТЖД күштерімен қала көшелеріндегі ахуалға мониторинг жүргізілуде.