Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Семейде жыл үздіктеріне құрмет көрсетілді. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарлады.
Қалада 14-29 жас аралығында 85 406 тұрғын тіркелген. Бұл қала халқының 24,6%-ын құрайды. Семейде Жастар жылы аясында "Жыл таңдауы - 2019" байқауының жеңімпаздары марапатталды. Сыйлықтар 10 аталым бойынша беріледі. Олар:
1. Жылдың жастар ұйымы;
2. Жас отбасы;
3. Жылдың үздік волонтері;
4. Жылдың жас спортшысы;
5. Ауылдың жас маманы;
6. Жылдың үздік студенті;
7. Жылдың жас журналисі;
8. Жылдың жас ғалымы;
9. Жылдың жас дәрігері;
10. Жылдың жас әскери қызметкері.
Аталмыш шараға шаһар басшысы Ермак Сәлімов қатысты. Жеңімпаздар үшін арнайы концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, сертификаттар табысталды.