Семей қаласында Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары жағажай аумағында ересектердің қарауынсыз жүрген екі жасар баланы тауып, ата-анасына аман-есен тапсырды.
Оқиға Ертіс өзенінің жағалауындағы қалалық жағажайды патрульдеу кезінде болған. ТЖД Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері 2023 жылы туған баланың жалғыз жүргенін байқап, оның қауіпсіздігін қамтамасыз еткен.
Құтқарушылар оқиғаның мән-жайын анықтап, ата-анасын іздестіру жұмыстарын ұйымдастырды. Көп ұзамай баланың ата-анасы табылып, сәби олардың қарауына берілді. Медициналық көмек қажет болған жоқ.
Осыған байланысты Төтенше жағдайлар министрлігі ата-аналарға су айдындарында демалу кезінде балаларды бір сәтке де қараусыз қалдырмауға шақырды. Ведомствоның мәліметінше, бүлдіршіндерді үнемі назарда ұстап, олардың өздігінен алыстап кетуіне жол бермеу – қайғылы жағдайлардың алдын алудың басты шарты.