Семейде заңсыз тауар сатқан дүкен анықталды

11 Қазан 2019, 08:16
1892
Бөлісу:
Семейде заңсыз тауар сатқан дүкен анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Заңсыз тауарды Семей қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлері анықтады, деп хабарлады ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі.

«Шугаев көшесінде орналасқан дүкенде Қырғыз Республикасының акциздік таңбалары бар және  акциздік таңбалары жоқ жалпы саны 1 180 қорап темекі өнімі сату үшін сақталғандығы анықталды. Сонымен қатар, осы дүкен қоймасынан жалпы көлемі  350 литрді құрайтын  70 пластикалық бөтелкеге құйылған құрамында алкоголі бар 5 литрлік сұйықтық табылды», - делінген хабарламада.

Аталған факті бойынша айыпты адамдарға қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкімшілік шара қолданылады.

Өзгелердің жаңалығы