Семейде қазіргі уақытта суды тазартуға 10 бірлік вакуумдық ассенизатор машиналары,6 бірлік жылжымалы мотопомпалар және 6 бірлік цистерналары бар автомашиналар жұмыстар жүргізуде, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Семей қаласы әкімдігінің хабарлауынша, кәріз суларын қабылдау құдықтарын тазартуға илосос машинасы мен арнайы техника тартылған. Қазіргі таңда 1500 м3 астам су сорылды.
Сонымен қатар, су тасқынына қарсы іс-шаралар шеңберінде Холодный Ключ, Восход кенттерінде қар шығару жұмыстары жалғасуда. Қар шығару жұмыстарына 100-ге жуық техникалар жұмылдырылды. Ағымдағы жылдың 10 наурыздағы жағдай бойынша қыс мезгілінің басынан бастап қала аумағынан 73 мың м3 қар шығарылды, - деп жазылған әкімдік мәліметінде.