Қазақстандықтар Семейде соққыға жығылған оқушының отбасына көмектесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Абай облысының бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкілі Эльзира Солтабаева отбасыға көрсетіліп жатқан қолдау шаралары жөнінде ақпарат берді.
Белгілі болғандай, толық медициналық тексеруден өткен балаға қажет психологиялық көмек көрсетіліп, отбасыға құқықтық қолдау ұйымдастырылды.
Қазіргі таңда отбасының жақын туысының есепшотына 24 млн теңге жиналды. Бұл қаражат баспана сатып алуға бағытталады. Қаржының әділ әрі ашық жұмсалуын бақылау үшін облыстық және қалалық мәслихат депутаттары, адвокаттар мен қоғамдық ұйым өкілдері кіретін арнайы комиссия құрылуда.
Көмек көрсету процесі ашықтық пен әділдік қағидаларына негізделеді. Қоғамның үлкен қолдауын ескере отырып, тұрғын үйді таңдау және сатып алу барысы ашық өтеді, – деп атап өтті Эльзира Солтабаева.
Сонымен қатар ол отбасының ел тұрғындарына білдірген шынайы ризашылығын жеткізді.