Семейде «селфи» жасамақ болған екі қыз мұз астына түсіп кетті

4 Сәуір 2022, 17:39
1416
Бөлісу:
Семейде «селфи» жасамақ болған екі қыз мұз астына түсіп кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 3 сәуір күні Семей қаласында Ертіс өзенінің Восточный кентінде 1999 және 1998 жылы туған екі қыз суретке түспек болып, мұз астына түсіп кетті, деп хабарлады Altaynews.

Құтқарушылар оқиға орнына келгенге дейін қыздардың бірінің әкесі көріп қалып, көмекке келіп, 1998 жылы туған қызын құтқарып үлгереді. Алайда екінші туысына көмектесе алмады.

 Қоңырау сағат 16:33-те келіп түсті. Бір қыздың әкесі – Әли Тораев жақын маңда болып, құтқарып, үлгерді. Оған медициналық көмек қажет болмады. Ал екінші қыздың денесін құтқарушылар судан алып шықты. Көктемгі мұз өте қауіпті, құтқарушылардың ұсыныстарына назар аударып, өз өміріңізді қатерге тікпеңіздер, - деп хабарлайды ШҚО ТЖД баспасөз қызметі. 

ШҚО ТЖД ешбір жағдайда балалардың мұз үстінде ойнауына жол бермеу керек керектігін айтып, қауіпсіздік шараларын сақтауды еске салады.

Өзгелердің жаңалығы