Семейде сарапшылар Жолдауды талқылады

6 Қыркүйек 2022, 17:17
1830
Бөлісу:
Семейде сарапшылар Жолдауды талқылады

Бүгін Семей қаласында «Жолдау - 2022: Әділетті Қазақстан жолында» атты «Sarap» эксперттік клубының аймақтық отырысы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жиынға Семей қаласы әкімінің орынбасары Айдар Садырбаев, Семей қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұратқазы Алин, Семей қалалық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Зейнолла Тоқаев, Семей қалалық мәслихатының депутаты Әліби Абдураимов, мемлекеттік органдардың өкілдері, саясаттанушылар, қоғам қайраткерлері, Шәкәрім университетінің студенттері және ҚҚДИ сарапшылары қатысты.

Спикерлер Жолдауда айтылған ауқымды саяси реформалар бағдарламалары мен бірқатар әлеуметтік-экономикалық шаралардың негізгі аспектілерін талқылады.  

Іс-шара «Қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ басқарма төрағасы, Президент жанындағы Ұлттық құрылтай мүшесі Қазбек Майгельдиновтың модераторлығымен өтті.

Отырысты Семей қаласы әкімінің орынбасары Айдар Садырбаев ашты. Ол Жолдаудың тарихи сипатын, сондай-ақ Президент бастамашы болған реформалардың маңыздылығын атап өтті.

Өзгелердің жаңалығы