Семейде Сақ дәуірінің зергерлік бұйымдарын сатумен айналысқан адам ұсталды

ҰҚК Абай облысы бойынша департаменті прокуратура органдарының үйлестіруімен тарихи құндылыққа жататын бағалы бұйымдардың заңсыз айналымына қатысы бар деген күдікпен Семей қаласының тұрғынын ұстады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 Ұлттық қауіпсіздік комитеті 28 Желтоқсан 2023 2023, 11:35
28 Желтоқсан 2023 2023, 11:35
939
Фото: Ұлттық қауіпсіздік комитеті

ҰҚК Абай облысы бойынша департаменті прокуратура органдарының үйлестіруімен тарихи құндылыққа жататын бағалы бұйымдардың заңсыз айналымына қатысы бар деген күдікпен Семей қаласының тұрғынын ұстады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Тінту барысында аң стилінде орындалған Сақ дәуіріне жататын жалпы салмағы 79 гр. 4 алтын әшекей тәркіленді.

Қылмыстық кодекстің 193-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде, бірқатар сараптамалар тағайындалды.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпараттар жария етуге жатпайды.

Наверх