Семейде жеке тұрғын үйдің аумағында шаруашылық құрылыс өртенді, деп хабарлайды BAQ.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
Белгілі болғандай, өрт терезе мен есіктерді, ағаш конструкцияларды және жеке заттарды шарпып, 15 шаршы метр алаңға тараған.
ТЖМ өрт сөндірушілерінің жанқиярлық және жылдам жұмысының арқасында екі газ баллонының жарылу қаупінің алды алынып, олар өрттен эвакуацияланды. Құтқарушылардың жедел әрекеті жалынның таралуына жол бермей, тұрғындардың өмірі мен мүлкіне үлкен қауіп төнуінің алдын алды, - деп атап өтті ведомстводан.
Өрт сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.
Оқи отырыңыз: