Семейде Құнанбай Өскенбайұлының 220 жылдығы тойланды

16 Маусым 2024, 21:17
325
Бөлісу:
Семейде Құнанбай Өскенбайұлының 220 жылдығы тойланды
Фото: 24.kz

Семейде тарихи тұлға, аға сұлтан Құнанбай Өскенбайұлының 220 жылдығы тойланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Көрнекті қоғам қайраткерінің мерейтойына 7 мыңнан астам адам келді. Мәдени-спорттық шаралар Семейде басталып Абай ауданында жалғасты. Құнанбай Өскенбайұлының 220 жылдығы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциядан басталды. Алыс жақын шетелден келген ғалымдар Семейде бас қосып, халықаралық деңгейде Құнанбай қажыны барынша ұлықтады.

Тұлғаларды ұлықтау арқылы біз ұлттың, жастардың мақтаныш сезімін оятуымыз керек. Атқарған еңбегінің барлығын ғылыми тұрғыда обьективті саралап, бағасын беруіміз керек, - дейді Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықов.

Түркияда Абай Құнанбайұлының құрметіне мектеп ашылған. Ақын атындағы көше де бар. Енді шетелдік ғалымдар Құнанбай қажының өмірі мен қызметін зерттеуді жоспарлап отыр.

Түркияда Абай Құнанбайұлының құрметіне мектеп ашылған. Ақын атындағы көше де бар. Енді шетелдік ғалымдар Құнанбай қажының өмірі мен қызметін зерттеуді жоспарлап отыр.

Құнанбай Өскенбайұлын көп білмейді. Оны Абай Құнанбайұлының әкесі деп жазады. Бірақ Құнанбай туралы жасалған диссертациялар, мақалалар жоқ. Енді осыдан кейін үйреніп бастайды. Қазақстанда Құнанбай туралы жиі айтылса, Түркияда да үйрене бастайды деп ойлаймын, - дейді Анкара Хажы Байрам Вели университетінің профессоры Түмен Сомунжуоғлы.

Қасиетті Абай елінде республикалық қөлөнершілер байқауы, ат бәйгесі мен ұлттық күрестен дүбірлі сайыстар ұйымдастырылды. Бұл тойдың ерекшелігі, бір мезетте 500 баланы Ашамайға отырғызды. Бұл шара Қазақстан рекордтар кітабының тізіміне енді.

Өзгелердің жаңалығы