Семейде учаскелік полиция пункті жанында екі автокөлікті өртеген күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
2026 жылғы 25 қаңтарда сағат 18:10-да бұрын сотталған, 66 жастағы жергілікті тұрғын алкогольдік масаң күйде учаскелік полиция пунктінің маңында заңсыз әрекет жасап, полиция қызметкерлеріне тиесілі «Chevrolet Cobalt» және «Changan» маркалы екі автокөлікті өртеп жіберді, - деп хабарлады Абай облысының ПД баспасөз қызметі.
Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.