Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Семейде педофил өмір бойына бас бостандығынан айырылды

19 Маусым 2025, 20:11
984
Бөлісу:
 istockphoto.com
Фото: istockphoto.com

Абай облысында соңғы уақыттағы ең резонансты қылмыстық істердің бірі бойынша сот үкімі заңды күшіне енді. Апелляциялық инстанция 2024 жылғы шілде айында Семей қаласында жасөспірімге зорлық көрсеткені үшін сотталған Т.-ға қатысты үкімді өзгеріссіз қалдырды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Соттың анықтауынша, қылмыс қаланың оң жағалау бөлігінде тұрған автокөліктің салонында болған. Тергеу және сот процесі барысында сотталушының кінәсін дәлелдейтін толық айғақтар жиналды: жәбірленушінің түсініктемелері, бейнебақылау камерасынан алынған жазбалар мен іс барысында зерттелген басқа да материалдар.

Бұған дейін Абай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Т.-ны ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабы 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, оны өмір бойына бас бостандығынан айыруға және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге, педагогикалық қызметпен айналысуға өмір бойына тыйым салу жазасын тағайындаған болатын.

Алайда сотталушы мен оның қорғаушылары оның кінәсіз екенін алға тартып, апелляциялық шағым түсірген.

Дегенмен, Абай облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы үкімнің заңды әрі негізді екені туралы шешімге келіп, апелляциялық шағымды қанағаттандырмады. Осылайша, үкім заңды күшіне енді.

Өзгелердің жаңалығы