Семейде мас күйде көлік жүргізген 19 жастағы жігіт 15 тәулікке қамалды

Жас жүргізуші жеті жылға көлік басқару құқығынан да айырылды.

 Абай облыстық ПД 21 Қараша 2026, 18:19
21 Қараша 2026, 18:19
59
Фото: Абай облыстық ПД

Семейде Haval M6 көлігін тізгіндеген 19 жастағы жүргізуші қауіпсіздік аралшасын айналып өтпек болып, қарсы бағыттағы жолаққа шыққан. Құқық бұзушылықты Жедел басқару орталығының бейнекамералары тіркеген. Осыдан кейін оқиға орнына жақын маңдағы патрульдік полиция экипажы жіберілген.

Тексеру кезінде полицейлер жүргізушіден алкогольдік масаңдық белгілерін байқаған. Медициналық куәландыру оның көлікті мас күйде басқарғанын растады.

Сот шешімімен жас жүргізушіге мас күйде көлік басқарғаны үшін 15 тәулік әкімшілік қамауға алу жазасы тағайындалып, жеті жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды. Ал қарсы бағыттағы жолаққа шыққаны үшін қосымша алты айға көлік басқару құқығынан айырылды.

Сот отырысынан кейін ол әкімшілік қамаққа алынғандарға арналған арнайы қабылдау орнына жеткізілді.

Абай облысының полиция департаменті жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін сақтауға және алкоголь ішкеннен кейін рөлге отырмауға шақырды. Мұндай жағдайда такси қызметін пайдалануға немесе көлікті тиісті жүргізуші куәлігі бар, сау адамға басқаруға беруге кеңес берді.

«Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасып жатыр.

Наверх