Семейде  Ертіс өзенінде мұз жару жұмыстары жүргізілді

14 Наурыз 2024, 03:41
553
Бөлісу:
Семейде  Ертіс өзенінде мұз жару жұмыстары жүргізілді
Фото: Семей қаласы әкімдігі

Мұз кептелісінің алдын алу мақсатында Ертіс өзенінде, атап айтқанда, Мирный кентіндегі Ипподром ауданында мұзды жару және ұсақтау бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жарылыс жұмыстары кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін Абай облысы ТЖ департаментінің, жедел жәрдем және полиция қызметінің құтқарушылары, «Казселденқорғау» ММ филиалы, «Су ресурстарын пайдалану мен қорғауды реттеу бойынша Ертіс бассейндік инспекциясы», сондай-ақ Семей қаласы әкімдігінің мамандары қатысты.

Бұл іс-шаралар жыл сайын өткізіледі. Жарылыс жұмыстарын жүргізу өзендердің жағалау учаскелерінде орналасқан елді мекендерді су тасқынынан қорғауға мүмкіндік береді. Ертіс өзеніндегі мұзды ұсақтаудың жалпы ауданы 9340 м3, зарядтардың саны 260 дана, жарылғыш материал 650 кг. Мұз жару жұмыстарын "KAZ EXPLO SERVICE" ЖШС жүргізді, - деп жазды Семей қаласы әкімдігінен.

Қазіргі таңда Ертіс өзенінің деңгейі 298 см, ал шекті деңгейі – 450 см.

Өзгелердің жаңалығы