Семейде ел болып іздеген екі бүлдіршіннің қайдан табылғаны анықталды

4 Қыркүйек 2024, 12:47
2188
Бөлісу:
Семейде ел болып іздеген екі бүлдіршіннің қайдан табылғаны анықталды
Фото: Polisia.kz

2 қыркүйекте сағат 10.34 кезінде 102 арнасына Семей тұрғыны үш күн бұрын үйден белгісіз жерге кетіп, оралмаған 12 жасар ұлын іздеуге көмек сұрап жүгінді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Polisia.kz мәліметінше, бала бұрын бірнеше рет үйінен кетіп қалған екен, бірақ қайтып оралып отырған. Сол күні сағат 21.11-де 102-арнасына әже жүгініп, ол сонымен бірге сағат 18.30-да аулаға ойнауға кеткен 7 жасар немересінің қайтып оралмағанын хабарлайды.

Балаларды іздеуге полицияның кешенді күштері жіберілді. Полицейлер еріктілермен, мұғалімдермен және бейқам қалмаған азаматтармен бірге тұрғылықты жеріне жақын жерлерді қарады. Іздеуге барлығы 12 топ жіберілді, сонымен қатар полицияның кешенді күштерінің сыртқы нарядтарынан 170 адам бағдарланды. Іздеу күндіз-түні, соның ішінде қараусыз қалған ғимараттарда, ойын-сауық орындарында жүргізілді. Тәртіп сақшылары іздеу іс-шараларын жүргізу кезінде бейнебақылау камераларын қарады.

3 қыркүйекте жергілікті тұрғын кәмелетке толмағандарды балалар алаңындағы көпірдің астынан тауып, еріктілер мен полицияға ақпарат берді. 

Қазір балалар үйлеріне аман-есен оралды. Олармен түсіндіру жұмыстары жүргізілді, ересек бала мінез-құлқын түзету үшін ювеналды полицияның есебіне қойылады. Өз кезегінде тәртіп сақшылары ересектерден балаларына қырағы болуды сұрайды және мұндай фактілер туралы дереу хабарлауды ұсынады. "Есіңізде болсын, сіз неғұрлым тез хабарласаңыз, жоғалған адамды табу мүмкіндігі соғұрлым жоғары болады", - деп еске салды тәртіп сақшылары.

Өзгелердің жаңалығы