Семейде екі баланы зорлаған студент өмір бойына сотталды

Абай облысының соты 12 және 13 жастағы екі қызға сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық жасаған 21 жастағы заң факультетінің студентіне қатысты істі қарады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

 BAQ.KZ  - архив 3 Қыркүйек 2025 2025, 09:32
3 Қыркүйек 2025 2025, 09:32
1566
Фото: - архив

Абай облысының соты 12 және 13 жастағы екі қызға сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық жасаған заң факультетінің студентіне қатысты істі қарады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Белгілі болғандай, сотталушы 2022 жылдың мамырында және 2025 жылдың қаңтарында Семей қаласында жас балаларға қатысты зорлық-зомбылық жасаған.

Сот отырысында ол тағылған айыпты мойындамай, өзін ақтауды сұрады. Дегенмен, сот оны кінәлі деп танып, өмір бойына бас бостандығынан айыруға үкім шығарды. Ол жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің төтенше қауіпсіз мекемесінде өтейді.

21 жастағы К. есімді сотталушы кінәлі деп танылып, оған қатысты өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, - деп жазылған сот хабарламасында.

Сот үкіміне сәйкес, ол қылмыстардың жиынтығы бойынша педагогикалық қызметте жұмыс істеу және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеу құқығынан да айырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Наверх