Семейде де қатты жел бас шыршаны құлатты

Семейде де қатты желден орталық алаңдағы бас шырша құлады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

11 Қаңтар 2024 2024, 01:30
АВТОР
 t.me/abainewskz 11 Қаңтар 2024 2024, 01:30
11 Қаңтар 2024 2024, 01:30
838
Фото: t.me/abainewskz

Семейде де қатты желден орталық алаңдағы бас шырша құлады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Әлеуметтік желілерде тараған ақпаратқа сәйкес, аймақта жел қатты болған.

Қалалық әкімдік те бұл деректі растап отыр.

Қазіргі уақытта жасыл конструкцияны бөлшектеу жұмысы жүріп жатыр. Оқыс жағдай кезінде ешкім зардап шеккен жоқ, - делінген әкімдіктің хабарламасында.

Белгілі болғандай, Семей қаласының орталық алаңындағы шырша құрастырмалы бөлшектерінен ажыратылды. Оны жинақтауға 6 камаз көлігі мен 1 кран жұмылдырылды.

Айта кетерлігі, бас шыршаның құны - 10 млн теңге.

Еске сала кетейік, бұған дейін Павлодар қаласында 52 млн теңгеге орнатылған бас шырша қатты жел мен бораннан құлап қалғаны туралы жазған болатынбыз.

Наверх