Бұл туралы Абай облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы басшысының міндетін уақытша атқарушы Данияр Тоқтыбаев мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ Semeynews.kz-ке сілтеме жасап.
Семей қаласын көгалдандыру мәселелері жөніндегі жұмыс тобының алғашқы отырысы қала және облыс жұртшылығының қатысуымен өтті.
Отырыста Абай облысының жасыл желектерін күтіп ұстау және қорғау ережелері жобасының бірінші тұжырымдамасы да қаралды. Ол бойынша салалық мамандар тарапынан ұсыныстар енгізілді. Келісу рәсімдерінен өткеннен кейін аталған қағидалардың жобасы “Ашық НҚА” порталында орналастырылатын болады.
Сондай-ақ, жұмыс тобының мүшелері қала аумақтарын абаттандырудың заманауи тәсілдерін қолдана отырып, гүлзарларды орналастыру тұжырымдамасын әзірлеуді шешті.
Еске сала кетейік, бұған дейін Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев облыс орталығында көгалдандыру жұмыстарын күшейтіп, саябақтар мен аллеяларды орналастыру үшін арнайы орындарды анықтауды тапсырған болатын.
Қаланы көгалдандыру – бір жағынан экологиялық мәселені шешу болса, екінші жағынан қалыпты әдет болуы керек. Ең бастысы тұрғындар табиғатқа қамқорлықпен қарауды үйрену керек, – деді облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы басшысының міндетін уақытша атқарушы Данияр Тоқтыбаев.