Олардың басым бөлігі жол қозғалысы ережелерін бұзу деректерін тіркейтін болады, деп хабарлайды BAQ.KZ «Хабар 24»-ке сілтеме жасап.
Қала тұрғындары 1 қазаннан бастап жылдамдықты асыру, белгілеуді кесіп өту және бағдаршамның қызыл түсіне өткені үшін айыппұлды электронды түрде ала бастайды. Барлық заңбұзушылықтар бірыңғай орталыққа беріледі.
Айта кетейік, Семей республика бойынша «Сергек» жүйесі енгізілген төртінші қала.