19 шілдеде жоғалып кеткен үшінші сынып оқушысы аман-есен табылды. Оны полицейлер, еріктілер және қала тұрғындары іздеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Іздеу қараусыз қалған ғимараттарда да, ойын-сауық орындарында да жүргізілді. Іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде тәртіп сақшылары Восточный кентінің ауданынан оқушыны тапты, - деп хабарлады полиция.
Бала полиция бөліміне жеткізіліп, онымен әңгіме жүргізілді.
Бала психологтың қарауынан кейін ата-анасына тапсырылды.